"Антитайфунды" қолшатыр

Жапон өнертапқыштары ерекше қолшатыр ойлап тапты. Дәлірек айтсақ, ол өзінің ерекше құрылымы арқасында үлкен дауылдарға төтеп бере алады. h-concept компаниясының дизайнері Хироши Казимотоға «антитайфунды» қолшатырды құрастырып шығу идеясы биылғы жылы Жапония аралдарына соққан тропикалық дауылдардан кейін келген екен. Осы оқиғадан кейін елдегі көптеген қалалардың көшелері сынған қолшатырлардың астында қалған.

Қарапайым «Unbrella» аталған қолшатырдың ерекшелігі – оның шабақтары әдеттегідей төменде емес, керісінше қолшатырдың үстіңгі жағында орналасқан. Соның арқасында ол әртүрлі сыртқы күштерге төтеп бере алатын қасиетке ие болды. Зонттың тағы да бір қасиеті оны екі түрде де (қарапайым және дауылдарға қарсы) қолдануға болатындығы. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: h-concept.jp