Формула-1 қозғалтқыштары жарыс көліктерін сағатына 330 шақырым жылдамдыққа дейін жеткізе алатыны көпшілікке мәлім, бірақ олардың қабілеті тек мұнымен шектеліп қоймайтындығын екінің бірі біле бермейді. Нақтырақ айтар болсақ, қуат беретін құрылысты сауатты пайдаланған жағдайда, оларды музыка аспабы ретінде де қолдануға болады. Осы бір ерекше қабілеттің шындығына көз жеткізу үшін жарыс көліктерінің ұлттық әнұранға қоса, опера мен джаз мелодияларын орындаған видеороликтерді назарларыңызға ұсынамыз.
Автоспорт жанкүйерлері «Формула-1 қозғалтқыштары – бұл ән» деп жататыны бекер айтылмаған сөз болып шықты: жұмыс істеп тұрған цилиндрлер дыбысынан қандайда бір мелодияны ойнату үшін инженерлер қозғалтқыш режимін бағдарламалап қоюлары тиіс және қажет болған жағдайда «қозғалтқыштың «орындауын» ноутбук арқылы дұрыстай алады. Осылайша, Формула-1 командаларының қызметкерлері расында да қозғалтқышта ойнайды. Аталған аспаптың музыкалық диапазоны шектеулі, дегенмен түпнұсқа өлеңге барынша ұқсауға мүмкіндік береді.
Renault, «God Save the King/Queen»
writeFlash({"allowFullScreen":"true","allowscriptaccess":"always","src":"//www.youtube-nocookie.com/v/5BaR1Kc62Pk?version=3&hl=ru_RU","allowfullscreen":"true","width":"450","height":"320"});
Ұлттық әнұран – қозғалтқышпен жасалатын музыкалық тәжірибелер ішіндегі ең танымалы және Renault компаниясы соның ішінде айтарлықтай жетістікке жеткен деп есептеуге болады. Француздарда «God Save the King/Queen» деп аталатын әнұранның бірнеше нұсқасы бар, бірақ аталған гимнді ең жақсы «орындап» шыққан 2006 жылғы RS26 агрегаты.
Red Bull – Renault, Deutschen Vaterland
Red Bull командасының инженерлері де барын салып неміс әнұранын ойнап шықты. «Нюрбургрингте» өткен жарыс шоуында Аустрияның чемпиондық болиді көпшілікке Deutschen Vaterland-ты «шырқап» берді.
Lotus-Renault, Happy Birthday
writeFlash({"allowFullScreen":"true","allowscriptaccess":"always","src":"//www.youtube-nocookie.com/v/Tr4zb-HHZs4?version=3&hl=ru_RU","allowfullscreen":"true","width":"450","height":"320"});
Әнұранды жақсы орындап шыққан Renault инженерлері өз репертуарларын кеңейтуді шешкен көрінеді: француз қозғалтқышының портфолиосына туған күнмен құттықтау әні қосылды.
Renault, We are the champions
writeFlash({"allowFullScreen":"true","allowscriptaccess":"always","src":"//www.youtube-nocookie.com/v/8aArSn4IhHI?hl=ru_RU&version=3","allowfullscreen":"true","width":"450","height":"320"});
Чемпиондық титулды осы бір әнсіз ешкім атап өтпейтіні белгілі. Және Формула-1 жарысушылары соның қатарында.
Red Bull-Renault, The Star-Spangled Banner
writeFlash({"allowFullScreen":"true","allowscriptaccess":"always","src":"//www.youtube-nocookie.com/v/gZIUGreqrCY?version=3&hl=ru_RU","allowfullscreen":"true","width":"450","height":"320"});
Гран-при Америка жарысы 2014 жылы өтуге тиісті, бірақ Red Bull командасы осы бір додаға алдын-ала дайындық жүргізуді шешкен екен. Өткен маусымда чемпион команда Нью-Джерсиге жарыс көлігін әкеліп, АҚШ-тың ұлттық әнұранын орындады.
Toyota, Con te partiro
writeFlash({"allowFullScreen":"true","allowscriptaccess":"always","src":"//www.youtube-nocookie.com/v/2GYqHbiFa5M?hl=ru_RU&version=3","allowfullscreen":"true","width":"450","height":"320"});
2009 жылдың соңында жапондық Toyota концерні Формула-1-де өнер көрсетуді тәмамдады: болидтің жаңа маусымға толықтай дайын болғанына қарамастан, автоөндіруші дәл осындай шешімге келді. Осыған байланысты команда мүшелері штаб-пәтер алдында жиналып, қоштасу кешін ұйымдастырды. Сол кеште TF109 автокөлігі атақты Андреа Бочеллидің Con te partiro композициясын орындап шықты.
Renault, Ресей әнұраны
writeFlash({"allowFullScreen":"true","allowscriptaccess":"always","src":"//www.youtube-nocookie.com/v/sVzJ3n9GPnw?version=3&hl=ru_RU","allowfullscreen":"true","width":"450","height":"320"});
Ұлттық әнұрандарды орындауда Ресей елінікі де шетте қалмады. Бұл әнұранды да орындап шығуға белсенділік танытқан Renault компаниясының инженерлері.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: afisha.bigmir.net