Әнге арналған электрокөйлек

Көзге ыстық, көңілге майда тиетін дүниелердің қатары тағы бір затпен толықты. Ол - "электронды" теркөйлек (майка). 

Айта кететін болсақ, тер көйлектің алдыңғы бөлігінде жеті тілім мен әуеннің тоқтап қалмауы үшін қолданылатын арнайы қондырғы орналасқан. Және де стиль таңдау мүмкіндігі бар: билейтін, рок, джаз және т.б. 

Дауысы да қатты шығатынын айта кеткен жөн. Өзіңізге ұнаған кез келген композицияны алдымен басып алып, соңынан тыңдай аласыз. Қондырғының тұрақты жұмыс істеп тұруы үшін төрт бірдей қуаттағыш қолданылады. Теркөйлек кірлеген жағдайда қондырғы алынады.

Ең бастысы, "электронды" қондырғының ұнап жатқанына байланысты әртүрлі көлемде сатып ала аласыз.

Осындай дүниелердің көптеп шыққанын қалайсыз ба?

сурет:gg2.com.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек