- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Анасы баласын өлтірген:...
Анасы баласын өлтірген: марқұмның әжесі жантүршігерлік жайтты айтты
Ақтау тұрғыны өзінің кішкентай қызын өлтіргені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Іс материалдары бойынша, әйел баласын ішінен ұрған, кейін бала қайтыс болған. Бірақ сотталушының анасы әрі марқұмның әжесі осы жағдайға күйеу баласын айыптайды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Басылым мәліметінше, ол қыздың денесінен зорлық-зомбылық іздерін көргенін айтқан. Оның ішінде, жыныстық зорлық-зомбылық белгілері де байқалған. 8 қаңтарда Оксана немересінен айырылып қалған, ал келесі күні қызын өз баласын өлтіргені үшін түрмеге қамаған.
Кішкентай қыз небәрі екі жарым жаста болған. Оның айтуынша, қызы жауыз әрі ойынқұмар адаммен байланысқан. Оксананың сөзінше, ол немересінің денесінен бірнеше рет зорлық-зомбылық іздерін байқаған.
"Немеремді суға түсірген соң крем жағар кезде кішкентай көгерген жерлерді байқадым. Маңдайы мен жамбас тұсындағы көгерген жарақаттарға көп болмағаны түсінікті еді. Бұрын баланың жөргегін ауыстырғанда, ұялып, аяғын қысып күлетін, кейін ашып, көрсеткендей болды. Мен шошып кеттім. Қызымнан "неге бала өзін осылай ұстайды?" деп сұрадым", - дейді сотталушының анасы Оксана Короткова.
Соңғы жарақатты бала 8 қаңтарда алған. Әйелдің айтуынша, сол түні бірге тұратын ер адам қызын үйден ойынға ақша тауып әкелу үшін қуып жіберген.
"Қызым қайтып келгенде, ол ас үйде киініп отырды, "балаңа бірнәрсе болды" деді. Қызым жатын бөлмеге асығып барғанда, баланың үстінде басқа киім болды. Ол оны дәлізге шығарып, құлағына "полиция келсе, мен болмағанымды айт, қазір ғана келгенімді айт" деді. Қызым бұл деректі жасыруды шешті, сөйтіп, оның болмағанын айтты", - деді сотталушының анасы.
Әйел 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
"М. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-түзету жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен қатар, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұршат Ұлеулиева.
Сотталушының анасының айтуынша, осы қайғылы оқиғаға кінәлі күйеу баласы қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетіп отыр. Өйткені оның ағасы - полицей. Бірақ Оксана Короткова Жоғары сотта әділеттілікке қол жеткізгісі келеді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ж. Қадыржанова