Өрт сөндіру қызметінің дәрменсіздігі жайлы енді әңгіме айту қиынға соғатын шығар. АҚШ-тың қорғанысқа байланысты ғылыми-зерттеу агенттігі (DARPA) кез келген тұтанған отты өшіре алатын құрылғыны жарыққа шығарды. Қазіргі таңда осы бір құрылғының құдірет-күшін арттыру жолында америкалықтар жанын салуда...
"Кенеттен төнген өрт" атты жобаның аясында ұйымдастылып келген шара 2011 жылы дүниеге келген болатын. Бірақ, америкалық зерттеушілер жаңа құрылғыға сынақ жасауды ерте деп санап, осы күнге дейін жасырын ұстап келген-ді. Енді міне көпшіліктің назарына ұсынылып отырылған құрылғының барлық қасиеттері сынақ барысында көрсетілуде.
Жаңа құрылғы дыбыстық толқын арқылы кез келген өртті сөндіре алады. Лапылдап тұрған өрттің барлық қасиетін жоққа шығару арқылы (өз бағытынан айнытып әрі ыстығын қайтарып), өз дегенін істейтін құрылғының бір ғана кемшілігі бар. Яғни акустикалық кеңістігінің тарлығы. Әзірше құрылғы 10 квадрат сантиметр аумақты ғана өшіреді.
Кемеде, биік ғимараттарда болатын қалың өрттер жоба авторларының шекесіне әбден тисе керек. Себебі, жаз маусымында ойламаған жерден өрттер пайда болып, орны толмас қиындықтарға әкеліп соғатынын бәріміз білеміз. Әсіресе, орманды жердің тұрғындары сақтанып жүрмеске амалдары жоқ.
Зерттеушілердің сөзіне сенсек, жаңа құрылғының ең басты қасиеті қалың өрттің температурасын баса алуы. Осының өзі-ақ болашақта аталған құрылғының жаңа қырларының ашылуына мүмкіндік береді деп отыр.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/TXhdHeNUD1o?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});
Сурет:intomobile.com
Дайындаған: Фараби Бақыт