Алтын Айпадты сыйға тартатын қонақүй

Өзінің ашылу сәтінен бастап әлемдегі ең бірегей қонақүйлердің қатарынан саналатын мейманхана - Дубайдағы  “Burj Al Arab” қонақүйі. Тіпті, "жалғыз ғана бірегей 7-жұлдызды" қонақүйі саналып жатса, таңғалмаңыз.

Өнер жұлдыздарының табаны тозған қонақүйде сапалы әрі жоғары деңгейде қызмет қылады. Әуежайдан жоғары білікті шопыры күтіп алып, жеткізіп тастағанымен қоймай, сол аралықта асқазан мәселесін таңдаулы делінген бас аспазшылар шешіп, тәуліктің әр уақытында қалаған тапсырысыңыз түр-түрімен алдыңызға келіп отырмақ.

Бұл бір ғана, сонымен бірге, қонақтарға кішкене сыйлық ретінде 24-караттық алтын iPad үлестіріледі. Уақытша берілетін сыйлықпен өзіңіз қажет деп тапқан қызметтерді атқарып және содан бөлек әр түрлі тапсырыстарды да орындай аласыз. 

Алтымен апталған байланыс құралы ұнап қалып жатса, онда қонақүй дүкендерінің бірінен сатып ала аласыз. Бағасы - 10,200$.

Cурет:podrobnosti.ua 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек