- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Алматыға "Формула –...
Алматыға "Формула – 1" жарысының жеңімпазы Дэвид Култхард келді
"Red Bull" фестивалінің ұйымдастырушылары Қазақстанда тұңғыш рет 1 км-ге созылған жарыс жоларнасында (Желтоқсан мен Достық көшелерінің аралығы) жарыс көліктерімен экстрим көрсетті. Фестивальде "Формула – 1" жарысының жеңімпазы Дэвид Култхард тамаша трюктерін көрсете білді. Ол өзінің кәсіби темір тұлпарында 250 км/сағатқа дейін жетіп, 10 секундта тоқтау шеберлігін жиналған қауымға көрсетті. Осындай жарыс көлігін басқару алаңға келген әрбір адамның арманы болары анық.
Ол "Формула – 1" жарысының 15 маусымына қатысып, 13 рет жеңімпаз атанған. Бір рет қола медальді қанағат тұтса, тағы бір рет екінші орынның иегері болды.
Red Bull RB7 — бұл Эдриан Ньюи ұйымдастырған Infiniti Red Bull Racing халықаралық тобының жарыс көліктері мен мотоциклдерінің экстремалды фестивалі. 2005 жылы жасақталған спорттық топ "Формула – 1" командалары арасындағы ең жас буын болып табылады. Өздері өткерген 10 жыл ішінде Infinity Red Bull Racing тобы түрлі халықаралық жарыстарға қатысып, 47 жеңіс пен 105 подиумды иемденген.
Арнайы Massaget.kz үшін: Жолдас Өрісбаев
Сурет: massaget.kz, vk.com
Ж. Өрісбай