- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Алматыда тағы 3...
Алматыда тағы 3 жолайрық салынатын болады
Алматыда автокөліктерге арналған тағы да 3 жолайрық салынатын болады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Қала әкімі орынбасары Виктор Долженковтың басшылығындағы қала құрылысы кеңесі қаладағы 3 жолайрық жобасына қол қойды. Құрылыс Әл Фараби көшесі мен Ремизовкаға апаратын жолдың қиылысында, Сайын және Рысқұлов, Райымбек пен Қалқаман поселкісіндегі Әуезов көшелерінің қиылысында жүргізілетін болады.
"Бірінші жолайрық туннельдік типпен салынады. Жүргізушілерге солға бұрылуға жағдай жасалып, батысқа қарай бұрылып айналу мүмкіндігі пайда болады. Рысқұлов көшесі мен Сайын даңғылы қиылысындағы жолайрық жоңышқа жапырағы принципі бойынша үш қабатты етіліп салынады. Үшінші жолайрық жобасы екі бұрылу эстакадысынан тұрады", - деп хабар таратты баспасөз қызметі. Жоба қазіргі кезге пысықталу үстінде.
Айта кетелік, қазіргі уақытты қалада алты ірі жолайрық құрылысы жүріп жатыр. Атап айтсақ, Әл Фараби мен Розыбакиев, Әл Фараби мен Дулати, Сайын және Торайғыров, Сайын және Жұбанов, Райымбек пен Момышұлы, Кулджинский және Халиуллин көшелерінің қиылысында жұмыстар қызу жүріп жатыр. 2012 жылдың аяғына дейін Райымбек пен Момышұлы, Кульджинский мен Халиуллин көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтардың құрылыс жұмыстары соңына жетеді деп жоспарлануда.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
көрнекі сурет: kursiv.kz