Алматыда санитария дәрігерлері кәсіпкерлердің құқығын таптаған. Бұл туралы қалалық прокуратурада айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қадағалау органының мәліметінше, санитария дәрігерлері бизнесмендерден бұзушылықтарды қысқа мерзімде жоюды талап еткен, бірақ заң бойынша бұл үшін көбірек уақыт беруге мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ, олар Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын бұзған.
"Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оның мақсаты мен мүмкіндігіне тікелей байланысты. Алайда, бұл кезең 10 күннен аспауға тиіс. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері заң бұзушылықтарды жою үшін заңмен қарастырылған мерзімнен аз уақыт берген.
Мысалы, кафелердің бірінде бұзушылықтарды жою мерзімі екі күнге заңсыз азайтылған. Прокурорлар қабылдаған заңсыз шараны кері қайтарды", - деді Алматы прокуратурасында.