Алматыда Қытайдан көлік жеткізетін автосалон ашылды

Қытайда көлік құрастыратын компания Алматы нарығына 2011 жылы кірген. Әуелде автосалонда 42 адам жұмыс істеген болса, қазір оның саны артыпты. Диллерлік орталық күрделі жөндеуден өтіп, қызмет көрсететін орталықта іске қосылған. Соның арқасында 24 жаңа жұмыс орны құрылған. Автосалонда қазір 3 түрлі көлік маркасы сатылады. Ал диллерлер жыл соңына дейін тағы 4 марканы жеткізуді жоспарлап отыр.

Көліктер 3,5-5 млн теңге аралығында сатылады. Ал, несиеге алғысы келетіндерге 3 банкпен келісімшарт жасалған көрінеді.

«Біздің нарыққа сапалы қызмет көрсететін әрі тиімді баға ұсынып отырған тағы бір компания кірді. Біз мұнда ұсынылған көлік түрлерін және олардың бағаларын көрдік. 3 және 5 млн теңгенің төңірегіндегі автомашиналар, бүгінгі күні тұтынушыға қолжетімді деп есептейміз. Ал мұндағы кепілдікпен көрсетілетін сапалы қызмет Алматының сервистік қызметінің жоғары екенін дәлелдейді. Біз қалаға инвестиция салған жаңа компаниялардың құрылуын, ең бастысы жаңа жұмыс орындарының ашылуын қашанда қолдаймыз», – деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

naryk.kz