Алматы мен Астана тұрғындары 4G байланысын қолдана бастайды

Алматы мен Астана тұрғындары 4G байланысын қолдана бастайды

ҚР көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, желтоқсанның аяғында Алматы мен Астана қалаларының тұрғындары 4G байланысын пайдалана бастайды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Today.kz.

Жұмағалиевтің сөзінше, 3G қызметін еліміздің 50 мыңнан аса тұрғыны бар қалаларда іске қосқан. Келесі жылы ол 10 мыңнан аса халқы бар елді-мекендерге келмек. Сондай-ақ министрліктің мәліметінше, еліміздің телекоммуникациямен қамтылу тығыздығы 180%-ға жеткен. Ал интернет пайдаланушыларының үлесі 58,2%-ды құрап отыр.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ispectr.ru

Б. Қосмағамбет