Келесі жылы Алматыда барлық мемлекеттік мектепке автобус беріледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv.
"Біз келесі жылы Алматыдағы барлық мектеп үшін автобустарды қарастырып отырмыз. Бұл арнайы бағдарлама болайын деп тұр. Алдағы уақытта келіссөздер жүргізіп, нақты шешім шығарамыз. Бұл мәселені тезірек шешуге тырысамыз", - деді Досаев.