Біз осы тақырыптың бірінші бөлімінде Ferrari, Lamborghini, Bentley, Maybach, Rolls-Royce секілді көлік компанияларының құрушылары және даму тарихы туралы жазғанбыз. Екінші бөлімде бірнеше әйгілі көліктер және олардың құрушылары туралы айтамыз.
Ferdinand Porsche
1875-1951
Porsche (Германия) автокөлік компаниясының құрушысы. 1931-жылы көлік жасауға кіріскен. Жасап шығарған көліктері әлемге әйгілі. Бірақ, 2012-жылы Фольксваген компаниясына иелік құқығын өткізіп берді.
August Horch
1868-1951
Audi (Германия) компаниясының құрушысы. Компания 1909-жылы құрылған. 1932-жылы төрт үлкен көлік жасау компаниясы біріккен. Содан бастап олардың көлік белгісі төрт дана шеңберге айналған. Күні бүгінге дейін әлемдегі ең ірі көлік компанияларының бірі осы Audi.
Karl Friedrich Benz
1844-1929
Benz (Германия) компаниясының құрушысы. Бұл компания 1900-жылдан бері көлік шығарып келеді. Бүгінге дейін әлемдік көліктердің серкесі атанған.
Gustan Otto
1883-?
BMW (Германия) автокөлік компаниясының құрушысы. Компанияның толық аты: Bayerische Motoren Werke AG. Негізінен мотоцикл және машина шығарады. 1916-жылы құрылған. Әлемдегі алдыңғы қатарлы көлік компаниясының бірі.
Henry Martyn Leland
1843-1932.3.26
Cadillac (Америка) автокөлік компаниясының құрушысы. 1902-жылдан бастап қазірге дейін қалыпты завод жұмысын сақтап келеді. АҚШ президенттерінің арнаулы көлігі осы компанияда құрастырылады.
Әлемде бұдан сырт Lexus, Mitsubishi, Ford, Infiniti, Bugatti секілді ірі көлік компаниялары бар. Алда олар туралы да тоқталатын боламыз.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: baidu.com, qiche.com, tupian.com