Біз бұдан бұрын TOYOTA компаниясының құрылу, даму тарихы туралы жазған болатынбыз. Бүгін әлемге әйгілі көлік компанияларының құрушылары және көліктерін таныстыратын боламыз.
Enzo Ferrari
(1898 - 1988)
Ferrari (Италия) автокөлік компаниясын құрған. Бұл компания шығарған көліктер 1947 жылдан бастап, қазірге дейін жылдамдығы жағынан дес бермейтіндердің қатарында.
Ferrucio Lamborghini
(1916.4.28 - 1993.2.20)
Бұл компания 1948 жылдары трактор жасаудан бастаған. 1963 жылдан бастап қана қазіргі көліктерінің негізін қалаған. Lamborghini көліктері жылдамдық және бейнесі жағынан әлі күнге жұрт назарында.
Bentley
(1888 - 1971)
Bentley (Англия) компаниясы 1919 жылы құрылып, 1921 жылдан бастап көлік шығаруға кіріскен. 1931 жылы Роллс Ройс компаниясымен бірлесіп, 1998 жылы Германия Волксваген компаниясына иелік құқығын өткізіп берген.
Wilhelm Maybach
(1846.2.9 - 1929.12.29)
Maybach (Германия) - автокөлік компаниясының құрушысы. 1921 жылдан бастап көлік жасауға кіріскен. Бұл көліктің бір мезгіл Европа және бүкіл әлемде даңқы шыққан. Бірақ, соңғы жылдары құлдырауға бет алған бұл компания 2013 жылдан бастап бүкілдей жасау жұмысын тоқтатпақ.
Charles Stewart Rolls Frederick Henry Royce
(1877 - 1933.4.22) (1877 - 1910.7.12)
Rolls-Royce (Англия) - автокөлік компаниясының құрушылары. 1906 жылдан бастап жасап шығарған көліктері бүкіл әлемдегі ақсүйектердің талғамындағы ең салтанатты көлікке айналған. 2003 жылы иелік құқығын BMW компаниясына өткізген.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: baidu.com, qiche.com, tupian.com