Әлемдегі ең үлкен телескоптың жобасы мақұлданды

Әлемдегі ең үлкен телескоптың жобасы мақұлданды

2014 жылдың сәуір айында Гавай аралдарында орналасқан Маун Кеа жанартауының ең биік шыңында әлемдегі ең үлкен телескоптың құрылыс жұмыстары басталатын болады. Құрылыс жұмыстарын бастауға жақында Гавайдың табиғи ресурстарды пайдалану басқармасы рұқсат берді. Бұл жөнінде Thirty Meter Telescope сайты хабарлап отыр. 

Алдын-ала болжам бойынша, телескоптың құрылыс жұмыстарына 1 миллиард доллар қаражат кетпек. Құрылыс аяқталысымен, астрономдар Жерден 13 миллиард жарық жылы қашықтығындағы объектілерді зерттеуге мүмкіндік алмақ. Қазіргі кезде жобаға АҚШ, Канада, Қытай, Үндістан мен Жапония мемлекеттерінің өкілдері қатысып жатыр. Телескоп құрамында 492 элементі бар алып айнадан тұрады. Оның диаметрі 30 метрді құрамақ.  

Естеріңізге салсақ, осыған дейін "Массагет" порталы Чилиде бой көтерген алып телескоп жөнінде жазған болатын

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет