Эксклюзивті көлік нөмірлерін иелену үшін адамдар миллиондаған қаржы жұмсауға дайын.
Көлік нөмірлері көпшіліктің арасында ерекшеленуге болатын ұтымды әдістердің бірі. Егер елімізде «әдемі» нөмірлер бірінші кезекте жол сақшылары мен қозғалыстың басқа да қатысушыларына «менімен байланыспай-ақ қой» деген белгімен байланысты болса, бүкіл әлемде бұл бәрінен бұрын жеке адамның, керек десеңіз, компаниялардың имиджін көрсетеді.
«Әдемі» автонөмірлерді иеленуге көмектесетін ең ірі компаниялардың бірі британдық Regtransfers - бүкіл әлемде сауда-саттықпен айналысатын ресми түрде аккредитацияланған ағылшын аукционшысы. Және сатылымға түскен нөмірлер сауда өтіп жатқан елдің талаптарына сәйкес келеді және толықтай дерлік тіркеу белгілері болып саналады.
Айта кетсек, аукциондардың серпілісі XXI ғасырдың бірінші он жылдықтың соңына тура келген.
#Құны (миллион фунт стерлинг)
Құны (теңге)
Нөмір
Қала, иегердің елі
1
7
1,660,250,000
1
Абу Даби, БАЭ
2
3
801,500,000
5
Абу Даби, БАЭ
3
3,0
687,000,000
7
Абу Даби, БАЭ
4
1,72
393,880,000
9
Абу Даби, БАЭ
5
1,58
361,820,000
7
Абу Даби, БАЭ
6
1,56
357,240,000
18
Гонконг, Қытай
7
1,24
283,960,000
12
Абу Даби, БАЭ
8
1,12
256,480,000
99
Абу Даби, БАЭ
9
1,1
251,900,000
11
Абу Даби, БАЭ
10
0,9
206,100,000
55
Абу Даби, БАЭ
Кестеден көргендеріңіздей «7» нөмірі ең әйгілілердің бірі. Ол екі рет сатылды. Айта кетсек, нөмірдің алғашқы иесі оны 2008 жылдың ақпан айында сатып алып, екі жылдан соң аталған нөмірді есе қымбат бағаға сатып жіберді. Яғни жыл сайын нөмір иесі салған қаржысынан 50 пайыз пайда көріп отырған.
Гиннесс рекордтар кітабына енген сатылым 2008 жылдың ақпанында жоғарыда айтып өткен аукционда болды – «1» көлік нөмірі 52,2 миллионға Саид Абдулла Джафар Хуриге сатылды. Оның ағасы да 2010 жылы қомақты қаражат жұмсап «5» және «7» нөмірлерін иемденді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/_yb-dXW7Ijs?hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});
Бір таң қаларлығы, британдықтардың өздері күрделі қаржы жұмсалымына келгенде анағұрлым ұстамды. Мәселен, 440 625 фунттық рекорд «F 1» нөмірін иеленген Брефорд тұрғыны Афзал Канға тиесілі. Нөмірдің жаңа иесі аталған нөмірдің өз бизнесіне үлкен пайда әкелетініне сенімді екенін айтады. Нақтырақ айтсақ, Афзал Кан қымбат авто тюнигпен айналысады екен.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/Iosxh4_wBcg?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});
Шолу соңында бүгінде Роман Абрамовичке тиесілі «VIP 1» нөміріне тоқталмай кетпеуге болмайды. Кәсіпкер әрі депутат оны 2006 жылы 285 000 фунт стерлингке сатып алыпты. Бір қызығы, атақты миллиардер оны өз көліктеріне қолданбастан бұрын, аталған тіркеу белгісі біраз уақыт архивте жатыпты. «VIP 1» 1979 жылы Ирландияға миссиямен келген Иоан Павел II-нің көлігіне арнайы жасалған. Рим Папасы көлігінің тіркеу белгісін өзгертуден бас тартқанынан соң, ол бір-екі адамға тиесілі болып, сосын аукционерлердің қолына түсті.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: livejournal.ru