Массагеттіктерге әлемдегі ең қымбат гаджеттер мен девайстарды ұсынамыз.
Олай болса бастайық...
1. Ноутбукқа арналған сөмке - $11 миллион.
Голландиялық CoverBee компаниясының тіккен Diamond Laptop Sleeve сөмкесі әлемнің түрлі бөліктерінен келген 8800 сирек кездесетін гауһар таспен көмкеріліп әшекейленген. Сонымен қатар Сібірлік қара бұлғынның терісі пайдаланылған. Дизайнерлердің айтуынша, компания тек табиғи жолмен жан тапсырған жануарлардың ғана терісін пайдаланған. Аталған сөмкені тігіп шығуға ұжым 2 жыл уақытын сарп етіпті.
2. Тираннозаврдың сүйегінен жасалған iPad 2 - $8,1 миллион.
Құрылғының корпусы алтыннан жасалған. Жоба авторы премиум гаджеттер жасаумен айналысатын дизайнер Стюарт Хьюз. Құрастыру жұмыстарына барлығы 24 караттық 2 кг алтын және 750 грамм ежелгі құнды органикалық тас аммолит пайдаланылған. Сонымен қатар, салмағы 57 грамм тираннозаврдың сүйектері қолданылған. Home батырмасының ортасына 8,5 караттық гауһар тас орналастырылған. Ал Apple-дың логотипі 53 дана бриллианттан құрастырылды. Бұл дизайнерлік гаджеттің тек 2 данасы ғана жасалған.
3. Гауһар тастан жасалған iPhone 4 - $8 миллион.
Әлемдегі ең қымбат iPhone 4-тың дизайнері тағы да сол Стюарт Хьюз. Телефонның корпусына жалпы салмағы 100 карат 500 бриллиант орналастырылған. Навигация пернелері платинадан құйылған. Ал ортадағы бас батырма 7,4 караттық гауһар тастан жасалып шыққан. Корпустың артқы қақпағы алтыннан, Apple логотипі 53 бриллиантпен көмкерілген. Смартфонның сонымен қатар, граниттен жасалған жеке қорабы бар. Белгісіз австралиялық миллионердің тапсырысымен бұл iPhone-ның 2 данасы ғана жасалған.
жалғасы бар...
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: bigpicture.ru, today.kz