Әлемдегі ең кішкентай автокөліктер

Әлемдегі ең кішкентай автокөліктер

Бүгінде қуатты қозғалтқыштары бар үлкен автолардың дәуірі аяқталып, орнына кептелістен құтылуға арналған шағын көліктер келген сияқты. Тіпті «модаға» айналып та үлгерді деуге келеді. Жанармай шығыны жайлы ештеңе айтудың қажеті де жоқ – мұндай көліктер не жанармайды азғана жағады не электр қуатын пайдаланады. Одан қалса, ауамен жүретіндер де бар.

Tata AIRPOD – пневматикалық қала көлігі

Tata деп аталатын үнді компаниясы жақында ауа қысымының күшімен жүретін сериялы Tata AIRPOD көліктерін шығаратынын мәлімдеді. Яғни бұл көліктер көлемі 175 литрлік қоймада сақталатын сығылған ауаның көмегімен қозғалатын болады. Бұл максималды жылдамдық - 70км/сағ-пен жүргенде 200 километр қашықтыққа жетуі тиіс.

Ё-мобиль – Ресейде жасалған қала көлігі

Ресейлік миллиардер Михаил Прохоров Ресейде шығарылатын арзан авто - Ё-мобиль идеясын жүзеге асырумен бірнеше жыл бойы еңбектенуде. Және ағымдағы жылдың ортасында сатылымға шығады деп күтілуде.

Eco-E – әлемдегі ең арзан электркөлігі

Заманауи электркөліктері көбінесе жанармайлы немесе дизельді аналогтарына қарағанда қымбатырақ болып жатады. Алайда, бұл жүйе көп кешікпей ескіруі мүмкін. Себебі жақында жаппай сатылымға Eco-E көлігі шығарылмақ. Оның жылдамдығы сағатына 40 шақырым. Ол толық зарядта 65 километр қашықтықты бағындырады. Соған қарамастан, оның бағасы бар болғаны 9995 доллар.

Autolib – Париждегі қоғамдық электркөліктер желісі

Егер сіз электркөлік сатып алуға көп ақша жұмсағыңыз келмесе, Autolib сіз үшін таптырмас шешім! Сіз осындай көліктерді Париж қаласының кез келген жерінен өте арзан бағамен жалға ала аласыз.

Kenguru – мүгедектерге арналған электркөлік

Kenguru – мүгедектерге арналған әлемдегі тұңғыш электрокөлік.

Tata Pixel – бизнес класты автокөлік

Tata Pixel-де заманауи көлікте бардың бәрі қамтылған. Ол шағын, үнемді, сонымен қатар, ұялы телефон немесе планшет арқылы басқаруға болады.  Аталған көлікті шығару 2014 жылдан басталады.

Aston Martin жасаған қала көлігі

Бәрі Aston Martin-нің тек қымбат әрі әдемі көліктерді шығаратынына үйреніп қалған. Ал Aston Martin Cygnet & colette көлігін айтар болсақ, ол шағын, жанармай шығыны аз авто. 

T.25 – тұрған орнынан бұрыла алатын автокөлік

T.25 – әлемдегі ең кішкентай және ерекше электркөліктерінің бірі. Оның басты ерекшелігі өз осінде бұрылуы. Осының арқасында стандартты бір автотұрақта осындай үш авто орналаса алады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет:horofun.com

Ж. FM