- Негізгі бет
- Шолу
- Әлемдегі ең қауіпті...
Әлемдегі ең қауіпті автокөліктер аталды
АҚШ-тағы Жол қауіпсіздігі сақтандыру институтында ең қауіпті автомобильдер аталды, – деп жазады inform.kz.
Бұл мақсатта көліктер тестілеуден өткізіліп, олардың түрлі сипаттағы соқтығысу кезіндегі жай-күйі, салондағы қорғаныс деңгейі анықталады. Көліктің қауіптілік деңгейін анықтаудың тағы бір тәсілі: сақтандырудың әрбір мың жылдығына шаққандағы жарақаттар алынған сақтандыру оқиғаларының саны болды. Дәл осы мәліметтердің негізінде қауіпсіздік инстутында рейтинг құрылып, әлемдегі ең қауіпті автомобильдер белгілі болды.
Сарапшылардың пайымынша, апаттарға бейім көліктердің алғашқы бестігіне «Тойота Ярис», «Suzuki SX4», «Шевроле Авео», «Мицубиси Галант», «Kia Rio» кіреді, деп хабарлайды Rating-avto.
Сондай-ақ қауіпті көліктер рейтингісіне «Ниссан Вега» (24,6); «Хендай Акцент» (24,6); «Додж Авенджер» (23,7); «Ниссан Сентра» (23); «Шевроле Авео вагон» (22, 3) кірді.
Рейтингтегі барлық көлік модельдері 2009-2011 жылдар аралығында шығарылғанын атап өтейік.
сурет: best-carz
Е. Қайрахан