- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде кездейсоқ өтіп...
Ақтөбеде кездейсоқ өтіп бара жатқан адамды тонап, кейін атынан несие алғандар ұсталды
Ақтөбеде кездейсоқ өтіп бара жатқан адамды тонап, кейін оның атынан несие алғандар ұсталды, - деп хабарлайды "Диапазон".
Түнде №16 мектептің маңынан өтіп бара жатқан жәбірленушіге белгісіз біреу жақындап, қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Ол ұялы телефонын берген, ал белгісіз адам оны ұрып жіберген. Осылайша, жәбірленуші есінен танып қалған. Телефон сұраған бейтаныс жігіт қашып кеткен, бірақ оқиға бұлай бітпеген.
Ол телефондағы банк қосымшасына кіріп, ұялы телефон иесінің шотынан досының шотына ақша аударған. Кейін сол телефондағы басқа банктің мобильді қосымшасы арқылы құны 300 000 теңгеден асатын iPhone-ды бөліп төлеуге рәсімдеген. Кейін ол дүкеннен ұялы телефонды алып, бірден сатып жіберген. Бірақ көп ұзамай қылмыскер ұсталған. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталған. Ол екі досымен бірге көліктердің аккумуляторын ұрлап күн көрген.
Нәтижесінде бөтен біреудің телефоны арқылы несие алған 24 жастағы ақтөбелік 3 жылға бас бостандығынан айырылса, оның екі досы 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Ж. Қадыржанова