Ақтауда жанармай таситын көлік пен жеңіл көліктің қатысуымен болған жол апаты 15 маусымда ХГМЗ зауытының алдында сағат 14.00 шамасында болды, деп хабарлайды inaktau.kz басылымы.
Полицейлер мәліметінше, Mercedes-Benz E320 жүргізушісі бұрылып жатқанда Zz 1251 жанармай таситынкөлікпен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан тіркеме аударылып қалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жол апатынан екі адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Г. Досымшалова"Көлік тұраққа қойылды. Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соққан жолда жүру ережелерiн бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - делінген хабарламада.