Шымкентте жалған полицей ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция депратаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс ер адам өзін әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырған. Ол әйелді құқық бұзғаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан.
Сондай-ақ, "полицей" әйелден ай сайын 80 мың теңге көлемінде ақша беріп тұруды талап еткен. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстаған.
Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ екені және санитарлық-эпидемиологиялық қызметте жұмыс істейтіні анықталған. Қазіргі уақытта осы жайт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.