- Негізгі бет
- Шолу
- АҚШ-та ишарат тілінен...
АҚШ-та ишарат тілінен аударатын құрылғы ойлап табылды
Хьюстон қаласының студенттері ишарат тілін сөйлеу тіліне аударатын құрылғының түпнұсқасын жасап шығарды.
Құрылғы MyVoice (Менің даусым) атымен таныстырылды. Құрылғы ішіне микрофон, динамик, видеокамера және дисплей орнатылған. Камера ишарат тілін оқу үшін қолданылады, ал құрылғы процессоры оны сөзге бөліп, дауыс синтезаторы арқылы аударып, дыбыстандырып береді.
Бұдан басқа, MyVoice айналадағы дыбыстарды аудиоға жазып, оларды слайд-шоу форматында ишарат тілімен түсіндіреді. Қазіргі таңда бұл жоба жетілдірудің бастапқы кезеңінде және құрылғы тек бір ғана фразаны аудара алады. Жоба авторлары электронды аудармашыны бітіріп, есту қабілеті шектеулі адамдарға нағыз көмекші болатын құрылғы жасауды жоспарлауда.
Сурет: 3dnews.ru
Ж. FM