Электромобильдер біртіндеп біздің қоғамға бейімделіп келуде. Ендеше электрлі қуатпен қозғалатын көліктер саны артқан сайын, электрмен қуаттау орталықтары тапшы болары анық. Әзірге дейін көліктерді электрмен қамту орталықтарымен тек Tesla Motors компаниясы айналысып келген болса, енді оның бәсекелестері пайда бола бастады.
Ғаламтордағы ақпараттарға орай, немістің автокөлік өндірушілері BMW мен Volkswagen АҚШ-та қуаттау орталықтарын ашуды жоспарлапты. Ағымдағы жылдың бастапқы межесі елдің әр аймағында 100 қуаттау орталығын ашу болып отыр.
Сонымен қатар, энергиямен қамту орталықтары қарапайым аналогтарынан өзгеше болып, BMW i3 және Volkswagen e-Golf электромобильдерін 20 минут ішінде 80%-ға дейін жабдықтау мүмкін болады. Неміс компаниялары аталған технологияны дамытып келе жатқан ChargePoint жергілікті компаниясымен бірлесіп, осы жоспарды жүзеге асырғалы тұр.
Әзірге энергиямен қамту орталықтары тұрақтар мен сауда орталықтарының алдында ашылмақ. Айта кететін жайт, бұл орталықтарда BMW мен Volkswagen өнімдерінен бөлек кез келген компанияның автокөліктерінің қуат алуларына мүмкіндік болады.
Сурет: auto.mail.ru
Оқи отырыңыз:
Tesla Model S P85D электрокары жаңа әлемдік рекорд орнатты
Tesla Model X электрокарының қытайлық аналогы шықты
Tesla Model X электрокарының қытайлық аналогы шықты