АҚШ-та дыбыстан жылдам жүретін қоғамдық көліктің жобасы жасалды

АҚШ-та дыбыстан жылдам жүретін қоғамдық көліктің жобасы жасалды

АҚШ-та инженер және кәсіпкер Элон Маск дыбыстан жылдам жүретін Hyperloop аталған қоғамдық көлік жүйесінің жобасын жасап шықты, деп хабарлайды ВВС арнасының Ресейдегі қызметі.

PayPal төлем компаниясының, Tesla Motors электромобильдерін өндіру компаниясының және SpaceX ракеталық мекемесінің негізін қалаушы Масктың сөзінше Hyperloop арқылы Лос-Анджелестен Сан-Францискоға 30 минутта-ақ жетіп алуға болады екен.

Ал қазіргі кезде салынып жатқан Лос-Анджелес пен Сан-Франциско арасындағы жоғарыжылдамдықты темір жол арқылы бұл аралықты үш сағатта басып өтуге болады.

Масктың жобасы бойынша, жолаушылар капсулаларға отырғызылып, олар күн панельдерімен жабдықталған вакуумды туннель арқылы магнитті үдеткіш көмегімен қозғалмақ. Ал жобада көрсетілгендей ондағы қозғалыс жылдамдығы сағатына 1000 шақырымнан асады екен.     

Сондай-ақ миллиардер Hyperloop жүйесін іске қосу үшін 6 миллиард доллар қаржы қажет екенін де есептеп қойыпты.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: livescience.com

Б. Қосмағамбет