- Негізгі бет
- Шолу
- АҚШ-та Samsung өнімін...
АҚШ-та Samsung өнімін сатуға шек қойылды
АҚШ-тың Халықаралық сауда комиссиясы Оңтүстік Корея компаниясы Apple компаниясына тіркелген екі бірдей патентті бұзған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлап отыр.
Samsung өкілі комиссияның бұл шешіміне өкінішті екенін, десе де, Құрама Штаттарында компанияның әрмен қарай да жұмыс жасай беруіне барлық жағдайдың жасалатынын хабарлады. Ал Apple компаниясы өз кезегінде «Халықаралық сауда комиссиясының шешімі Жапония, Оңтүстік Корея, Германия және Нидерланды» елдеріндегі жарлықтарға сәйкес келетінін айтып отыр.
Корпорациядағылар, сонымен қатар, Samsung компаниясының құрылғылары Apple өнімдерінен ашық түрде көшірілгендігін және бұл шешімімен Халықаралық комиссия инновацияның дамуына ықпал еткенін айтады.
Apple мен Samsung компанияларының арасындағы бітіспес дау бірнеше елдерде екі жыл бойы жалғасып келеді. Тиісінше, әр елде бірде бірі басым түсіп отырса, екінші бір елде екінші компания жеңіске жетеді.
Еске сала кетсек, Халықаралық сауда комиссиясы маусым айынан бастап АҚШ аумағында iPhone 4 смартфондары мен iPad 2 компьютерлерін сатуға тиым салған болатын. Бұл ісін комиссия керісінше, яғни «Apple компаниясы Samsung өнімдеріндегі бірнеше патентті бұзды» деп түсіндірген болатын. Бұл Apple компаниясы үшін миллиардтаған шығынға ұшырату болған еді, бірақ өткен аптада Apple өнімдерін тәркілеу жарлығы қайта қарастырылуға жіберілді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: Behance
А. Құлтай