- Негізгі бет
- Шолу
- АҚШ президентінің үйіне...
АҚШ президентінің үйіне хакерлер шабуыл жасады
Ақ үйдің компьютерлік жүйесіне кибершабуыл жасалды. Бұл туралы АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі кеше, яғни 1 қазан күні хабардар етті.
Ақ үй өкілінің сөзіне қарағанда, қыркүйек айында орын алған бұл шабуылды тезірек бетін қайтарудың сәті түскен. Сонымен қатар хакерлер ешқандай құпия құжаттарды алып үлгере қоймаған. Хакерлер бұл кибершабуыл кезінде "spear-phishing" атты техниканы қолданғаны белгілі болып отыр. Бірақ Ақ үй өкілі бұл шабуылды кімнің істегені жөнінде мәлімдеме жасай қойған жоқ.
The Washington Free Beacon сайтының дерегіне қарағанда, шабуыл 30 қыркүйекте жасалған. Сайт өз парақшасында бұл шабуылды Қытай өкіметі жасауы мүмкін дегенді келтіреді. Сонымен қатар олар Ақ үйдің әскери басқармасының (White House Military Office, WHMO) жүйесіне кіруге мүмкіндік алған. Бірақ шабуыл дер кезінде тоқтатылып, хакерлер үшін маңызды құжаттарды ұрлап алу мүмкіндігі сәтсіз аяқталды.
Осы жағдайларға байланысты Барак Обама әкімшілігі жақын арада өз компьютерлік жүйелерінің қауіпсіздігі үшін жаңа бағдарлама енгізуге ниетті екендіктерін білдірді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: infousa.ru
Б. Қосмағамбет