- Негізгі бет
- Шолу
- АҚШ метеориттерді тоқтатуды...
АҚШ метеориттерді тоқтатуды үйреніп жатыр
АҚШ-тың ғарыш агенттігі астероидтық қауіптің алдын алу жолдары туралы ойлана бастады. НАСА, осылайша, ғарыш болидтерін қағып алатын пилотсыз ғарыш кеме құрастырып шығуды жоспарлап отыр.
Ғалымдардың айтуынша, бұндай ғарыш аппараты массасы 500 тонна астероидтқа шамасы келеді. Кемесі аспан денесін қағып алып, айдың орбитасына апарып тастайтын болады.
НАСА басшылығы бұл жобаға 2,5 миллиард доллар бөліп отыр. Жоба шамамен 12 жылдан кейін іске қосылады.
Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін 15 ақпан күні Челябинск қаласының маңына метеорит түскендігін айтқан болатын. Бұдан кейін 22 наурыз күні АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігінің үстінен метеорит ұшып өткендігі хабарланған еді.
Осы орайда Ресей Федерациясындағы "ЛДПР" партиясының басшысы Владимир Жириновский Челябинскіге түскен метеоритті АҚШ-тың жаңа қаруы деп ойлайтындығын айтып, пікір білдірген болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан