- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- АҚШ фастфуд қызметкерлерін...
АҚШ фастфуд қызметкерлерін роботқа ауыстырмақ
Болашақта адам үшін жұмыс істеу қиынға соғып, олардың орнын роботтар басуы мүмкін екендігі айтылып келеді, әлі де айтылып жатыр. Бірақ «болашақ» бүгін келген секілді. Себебі Business Insider баспасының хабарлауынша, АҚШ осы жылы фастфуд тағамдарын өндіретін орындарда қызметкерлер емес роботтар жұмыс жасайды деп отыр.
Бұл мәселеге жауап ретінде алып держава елдегі жұмыскерлердің жалақыларын толық ала алмай отырғандықтарын алға тартып отыр. 2018 жылы АҚШ-тың 18 штатында күндік жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалақысы әлі төленбеген. Сондықтан роботтар бұл жағдайды шешеді деп түсінеді.
Box компаниясы нарықтағы алғашқы қадамын жасап үлгерді. Олар енді қолға алынып жатқан жаңа техника көзін пайдаланып, ресторан бизнесін екі есеге өсірді деуге болады. Себебі орташа түбіртек өскен және кезекте тұру мәселесі шешімін тапқан. Red Robin желсінің директоры Гай Констант осылай дейді.
«Box – ең бірінші жұмыскерлерін қысқартып, орнына роботтарды жұмысқа алған фасфтуд желісі емес. Мысалы Red Robin компаниясы да даяшыларын қысқарту арқылы 8 миллион АҚШ долларын керекке жарата алды».
Есіңізге сала кетейік, 2018 жылдан бастап Wendy’s, McDonald’s және Dunkin’ Donuts фасфтуд жасаушы компаниялар қызметкерлерінің жартысын роботтарға айырбастайтындықтары туралы айтып өткен болатын. Ал қызметкерлер тек жеткізуші жұмысын атқаруы мүмкін.
М. Ақан