Nemesis суперкарының жылдамдығы 435 км/сағ дейін барады.
Қазіргі автомобиль өндірісінің көрнекті өкілі – Nemesis көлігі. Бұл суперкардың жылдамдығы 435 км/сағ дейін барады екен. Бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі.
Бұл автомобильдің даму тарихы 2012 жылдан басталады. Дәл сол кезде Рич Паттерсон заманауи автомобиль әлемінің бетке ұстар үлгісі болатын ерекше көлік ойлап табуды шешті.
Nemesis көлігінің дизайнын қалыптастыруға он бес жылдан астам уақыт кетті. Бұл суперкардың құрылысы дайын болғаннан кейін жас маманның тәжірибесі, шыдамдылығы, ұмтылысы мен еңбегі зая кетпегені білінді. Көліктің асты төмен болғандықтан, онымен тек қаланың тегіс жолдарында жүруге болады. Жүксалғышы кішірек келген. Көліктің ішінде дисплейі бар арнайы навигациялық жүйе орнатылған. Автомобиль салоны тарлау.
Nemesis автомобилінің ерекшелігі оның заманауи жүйесінде. Бұл көлік 100 км/сағ жылдамдыққа 2,8 секунд ішінде жетеді екен.
Көлік бағасы әзірге белгісіз.
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: vk.com