- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында пойыз...
Ақмола облысында пойыз бір отар қойды қағып кетті
Фото:
Көлік полициясы
Ақмола облысында жүк пойызы 22 қойды қағып кетті. Бұл туралы өңірдің КП баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 17 маусымда Ақмола облысының "ОП-96-Жайнақ" аралығында болды.
"Жүк пойызының жүргізушісі оқиғаның алдын алғысып келді, бірақ, бұл мүмкін болмады, 22 бас ұсақ мал пойыз астында қалды", - деп хабарлады көлік полициясы.
Пойыз астына түскен қойлардың иесі 43 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша темір жолдарға бөлінген белдеуде мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
М. Жәмішжанов