Жағар-жанармай бекеттеріне келіп, көлігімізге отын құяр алдында көзіміз еріксіз АИ-92, АИ-95 сынды сандарға түседі. Автоәуесқойлар осы сандардың не білдіретінін білсе, темір тұлпары жоқ адамдар үшін бұл жай ғана екі таңбалы сан. Артық болмас білгенің! Осы сандардың не білдіретінін зерттеп көрейік.
XX ғасырдың басында іштен жану қозғалтқышын жасаумен айналысатын автоконструкторлар жағар-жанармайдың цилиндрде тиімсіз жану мәселесіне кезігіп, бұнымен ұзақ уақыт бойы әлек болады. Қозғалтқыштың өнімділігін арттыру үшін механиктер мен автоконструкторлар жанармай мен ауаның сығылу деңгейін жоғарылатқан. Осындай мәселенің кесірінен пайда болған жарылғыш қоспа цилиндрдің ішінде жануға үлгермегендіктен, поршень жылжымай тұрды, соның салдарынан ол үлкен қысымға түсетін. Бұл жағдайда жағар-жанармайға жарылудың сандық мінездемесін енгізу қажет болды. Осылайша, бұндай мінездеменің рөлін октан саны атқарды. Октан саны - қолданылып жатқан жанармайдың эталонды отынмен салыстырғандағы өнімділігін сипаттайтын сандық сапа. Алғашқы эталонды отын ретінде октан алынып, оның жарылғыш тұрақтылығы шкаланың 100 бөлігімен сипатталған. Ал гептанның детонационды мінездемесі шартты түрде нөлге тең деп алынды. Осылайша, АИ-95 маркалі жағар-жанармай қоспаның ішінде 95 пайыз октан мен 5 пайыз гептанның бар екенін көрсетеді.
Мұнай өндіру зауыттарында октан санын анықтаудың екі тәсілі қолданылады. Атап айтқанда, моторлы және зерттелмелі. Моторлы әдісте көліктің максималды қуатпен келе жатырғаны иммитацияланады. Ал зерттелмелі әдісте қаланың ішімен жүруге сай келетін жағдайлар жасалынғандықтан, октан саны үлкен болады. Халықаралық стандартттарға сай болу үшін отын екі түрлі әдіс мінездемеге сай болуы тиіс. Бірақ жағар-жанармай бекеттерінде көбінесе зерттелмелі әдіспен зерттелінген бензин сатылады. Сондықтан, шалғай жерлерге сапар жүрсеңіз, жоғары октанды бензин сатып алған жөн.
Суреттер: kursiv.kz, auto.lafa.kz