Facebook компаниясының стартап жоба болған виртуалды шындыққа жанасқан Oculus платформасын сатып алуы көптің ойына келе қоймаған болатын. Дегенмен, бірнеше ай өткеннен кейін жаңа платформаның неліктен еншіленгені мен оның болашақта әлеуметтік желіге тигізер пайдасы туралы Марк Цукербергтің өзінен есіттік. Ол толығымен процеске еніп үлгерген. Егер Цукербергтің қолынан келетін болса, бүкіл әлем он жылдан кейін Facebook құрған виртуалды әлемде өмір сүретін болады. Мұнда Цукербергтің өзі жасаған мәлімдемесінен алынған мақсаттық дәйексөздер келтірілген.
1. «Біз болашақтағы есептеу технологиясына жоба жасап жатырмыз. Қазіргі шынайы өмір мен виртуалды шындықтың айырымын танытатын платформаның қандай болары көптің межесінде жүрген болар. Бұл технологияның даму бағытын өзгертетін болады».
2. «Facebook ұжымының Oculus платформасына жасап жатқан стратегиясы тек өсімге алып келетін болуы керек. Себебі оның ең аз дегенде 50-100 миллион данасы сатылып болмайынша, оны жеке платформа деп атай алмаймыз. Oculus жаңа виртуалды компьютерлік платформа болады».
3. «Oculus біздің Instagram және WhatsApp секілді жылдам үдерісті талап ететін жоба емес». Марк аталған платформаның Facebook әлеуметтік желісіндегі секілді қолданушыларын 1 миллиардқа жеткізіп алып, сосын платформаның негізін қалауды нұсқап отыр.
4. «Біздің жобалар тек жарнамаға бағытталмақ. Себебі заманауи технологиялық аппараттарды сату арқылы тұрақты табысқа жету мүмкін емес. Біз алдымен виртуалды әлемде бағдарламалық қамтулар мен қызмет түрлерін ұсыну арқылы белгілі бір қоғамды қалыптастыратын боламыз. Ал сол қоғамда адамдар қарым-қатынасқа түсіп, онлайн сатып алулармен айналысады. Әрине, ол жерде жарнама да болады».
5. «Мобильді қарым-қатынас – бүгінгі қоғамның негізгі платформасы. Ал біз болашақтың платформасын жасауға әрекеттеніп жатырмыз. Oculus-тың ең ауқымды әлеуметтік платформа жасауға барлық мүмкіндігі бар. Расында, Facebook арқылы тек қарым-қатынасқа ене алсақ, жаңа платформада біздің ойнап жүрген немесе жұмыс істеп жатқан барлық іс-әрекеттеріміз қамтылатын болады».
6. «Келесі деңгейлі есептеу платформасының орнын баса алатын бірнеше ғана үміткерлер бар. Бізде қазіргі мобильді қоғамның алып платформасы бар. Ал оның көмегі арқылы виртуалды шындықты келесі үлкен платформаға айналдыра аламыз».
7. «Oculus платформасында адамдар шын өмірдегі мекендердің виртуалды моделін жасайтын болады. Бұл тура телепортация секілді. Үйден шығудың қажеті қанша? Оның мүлде маңызы да қалмайды».
8. Цукерберг Facebook желісінің мобильді қоғамға кеш шыққанына қателік деп санайды. Себебі қазіргі компанияның дерлік 65 пайызы мобильді контенттен келіп отыр. «Біз өзге компаниялардың өндірген аппараттары қолданатын өнімді дайындаумен айналысып келеміз. Ол уақыты келіп қолданыстан шығып қалуы мүмкін. Сол кезде біздің альтернативті желі іске қосылады. Ал оның болашағын бүгіннен қалыптастырумен айналысып жатырмыз».
9. «Менің ойымша, виртуалды шындық жасанды сана технологиясы секілді есептеу технологиясының ендігі сатысы болуға тиіс. Бұл маңызды. Facebook-тің жаңа технологиялық дәуірді басынан өткеруі үшін оған қолдау керек. Ол Oculus виртуалды платформасы болады».
Виртуалды өмірге ауысуға түрткі болатын көптеген технологиялық процестерді бастан кешіріп жатырмыз. Мүмкін ол алдағы он жылда болатын next big thing (келесі үлкен жоба) шығар? Бұл Facebook ұжымының қолынан келеді ме? Компанияның мобильді оперативті платформасы жоқ, оперативті жүйесі жоқ, еншісінде өнрілілетін гаджеттер де жоқ. Сондықтан Facebook тұрақты ағымын жоғалтып алмауы тиіс. Осы орайда виртуалды шындық табылған бағыттағы жоба болып отыр.
Сурет: forum.freeplaying.it