"Адамның қанын ішетін оятқыштар!"

"Адамның қанын ішетін оятқыштар!"

Бәріміз бірдей ұйқыны жақсы көретініміз рас. Алайда, кезек күттірмес істер бар емес пе?! Ендеше, қалай тұрасыз? Уайымға берілмей-ақ қойыңыз? Сізді таңға оятатын оятқыштардың дамыған қаншама түрлері бар.

"Nixie Ramos" винтаждық оятқышы

Аталған оятқыштың өшіретін тетігі жоқ. Алдымен 10 секундтай шырылдайды, содан соң бір минут бойына өшпей тұрып алады. Ұйқыдан тұрып, миыңызды іске қосуға мәжбүр боласыз. Сол күнді (дата) айтып, істен шығарасыз.

Қашатын құлтемір

Бұл оятқыш іске қосылды дегенше, жүгірдім дей беріңіз. Себебі, кішкене құлтемір бөлме ішінде қашып, зықыңызды шығарады.

Ұшатын оятқыш

Іске қосыла салысымен әуеде қалқып, шырылдап тұрып алады. Өшіру үшін жерге түсіресіз. Сонда барып қана істен шығады.

Гантель

Еріншектер үшін нағыз таптырмас дүние. Құрылғыны істен шығару үшін 30 рет жоғары-төмен көтеру керек. 

Жинақ сандықша

Бұл оятқыштар тиын салған кезде ғана шырылдауын тоқтатады.

Нысана

Ережесі қарапайым: лазерлік қару арқылы нысанаға дөп тигізу. Тигізген бойда оятқыш тынышталады.

Оятқышты миналандыру

Оятқыш іске қосылған уақытта сізге бақандай он секунд беріледі. Сол уақыт аралығында істен шығарып үлгеруіңіз тиіс.

Тағы да бір жарылғыш

Өшіру үшін көп сымтемірлердің бірін шығару керек. Ал ондай сымтемірлер көп болады. Және істен шығаратын сымтемірлер күнде ауысып тұрады.

 "Бамп мырза"

Оятқыштарды жиі сындыра беретіндерге арналған. Қабырғаға қанша лақтырсаңыз да сынбайды. Бар пәрменмен лақтыра берсеңіз болады!

"Finger Dance" оятқышы

Оятқышпен ойнаған жағдайда ғана істен шығады.

Кофелік оятқыш

Оятқыштың ішінде тұрған кофенің исі шығып, бөлме ішін алып кетеді. Өкінішке орай, кофе қайнатылмайды.

Көтерілетін шар

Қолдары соғуға жақын тұратын жандар үшін жасалған. Ертеңгілік шырылдағанда жақын тұрғандықтан, бірден ұра саласыз. Алайда, әр соққыдан соң жоғары қарай көтеріле береді. Ең жаманы, бес минут сайын шырылдайды.

Ақылдыларға арналған оятқыш

Бұл оятқышты өшіру үшін тест сұрақтарына жауап беру керек. Сұрақтарға дұрыс жауап бергенде ғана өшеді.

сурет:freshpo.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига