- Негізгі бет
- Шолу
- Адамды оның иісіне...
Адамды оның иісіне қарап тану технологиясы пайда болды
Испаниядағы Мадрид политехникалық университетінің зерттеушілері Ilía Sistemas компаниясының мамандарымен біріге отырып, адамдарды олардың денесінің иісіне қарап тануға мүмкіндік беретін жаңа биометриялық технология жасап шықты. Ғалымдардың сөзінше, әр адамның өзіне ғана тән иісі болады екен. Осы фактордың арқасында топ ішіндегі адамды дәл анықтау 85 пайыздан аса мүмкіндікке ие болып отыр. Бұл технология адамдардың саусақ іздерін сканерден өткізбей-ақ, адамдарды биометрикалық идентификацияның көмегімен танудың мүмкіндігін арттырады. Ал адам үстіне себілген әтірдің технология жұмысына қалай әсер ететіндігі айтылмаған.
Жалпы адамдарды оның өзіне ғана тән иіс көмегімен тану идеясы бүгін ашылған жаңалық емес. Иіс сезгіш иттер осы күнге дейін әртүрлі қызмет саласында пайдаланылып жүргені белгілі. Ал адам қолымен жасалған сол ит мұрнының сезгіштігімен бірдей технология бұрын-соңды еш жерде қолданылған жоқ. Енді көмекке Ilí Sistemas компаниясының технологиясы келіп отыр.
Адамдағы терінің иісі ол қандай да бір аурумен ауырғанда, ішетін ас түрі мен тіпті көңіл-күйі өзгеріске ұшыраған кезде, әртүрлі болып шығады екен. Аталған технология ғалымдардың өткізген тәжірибесіне қатысқан 13 адамның 85 пайызын дәл анықтағанын да айта кетейік.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: upm.es
Б. Қосмағамбет