NPD Display Search атты ұйым сарапшыларының зерттеулері бойынша, адамдар барлық техникаларды, әсіресе смартфондық технологияда құрылғы экранының пішінінің үлкендігі бойынша сатып алады екен.
Сонымен, 2010 жылы телефон дисплейінің орташа пішіні 2,4 дюймді құраған, 2011 жылы ол 2,6 дюймға дейін өскен, ал қазір 3 дюймға дейін үлкейтілді. Келер 2013 жылда бұл көрсеткіш 3,3 дюймға дейін жетеді екен. Ал адамдар болса, қарапайым кішкентай телефондарын смартфонға ауыстырып жатыр, өйткені үлкен экран сенсормен жұмыс істеуге икемді болып келеді.
Сол сияқты жаңалық кәдімгі мониторларда, телевизорларда, қалта медиаплеерлерінде және навигаторларда қарастырылуда. Ал енді алып жүруге ыңғайлы арнайы компьютерлер, планшеттер керісінше ықшамдалып жасалынып жатыр. Оған дәлел, қазір тұтынушылар 7 дюймды Amazon Kindle және Kindle Fire, Google Nexus 7, Apple iPad mini сияқты шағын планшеттерге қызығушылық танытуда.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: wantchinatimes.com