Адам Марстан әрі бара алмайды

Адам Марстан әрі бара алмайды

Ресейдің ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының директоры Лев Зеленый адам баласы Марстан ары бара алмайды деп пікір білдірді. Оның айтуынша, Марсқа ұшып баратын кеме жасаудың қажеті жоқ. Ғарыш радиациясы ғарышкерлерге зиян келтірмек түгілі, өлтіріп те жібереді.

"Адамдар Марстан алыс аймаққа бара алмайды. Ол жаққа аман-есен ұшып барып-келу үшін адам Чернобыль реакторының жанында өмірін өткізіп, генетикалық өзгеріске ұшыраған болуы керек шығар. Марста адам баласы өмір сүре алмайды. Космостағы зиянды сәулелер міндетті түрде ауруға шылдықтырып, өлімге әкеледі", - деді ол.

Айта кетелік, АҚШ-тағы NASA агенттігінің "Кьюриосити" марсоходы 8 айдан бері Марс планетасында тіршілік белгілерін іздеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Естеріңізге салайық, Массагет бұған дейін Curiosity марсоходы Қызыл планетаның бетінен судың іздерін тапқандығын айтқан болатын. Марстың тастарын бұрғылау арқылы алынған тозаңды зерттеудің нәтижесінде оның құрамынан азот, оттегі, сутегі, көміртегі және фосфордың іздері табылған еді. Планетадан сульфаттар мен сульфиттердің іздерінің табылуы Марста микроорганизмдердің өмір сүруі мүмкін екендігінің белгісі болып табылады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

көрнекі сурет: nnm.ru

Massaget