Trustlook Labs корпорациясы мамандары ұялы телофоныңыздағы барлық мессенджердегі мәліметтерді ұрлайтын вирусты анықтады. Бұл жайында корпорация блогында хабарланған. Вирус сіздегі антивирусты шеттеп өтіп, тізімге өзінің анықтау кодын көрсетпейді. Вирус телефоныңыздағы Telegram, Viber, Facebook, Messenger, Skype, Line тағы басқа мессенджерлердегі мәліметті ұрлайды. Мамандардың мәлімдеуінше, киберқылмыскерлер алынған мәліметтермен оның иесін бопсалау мақсатында пайдаланады екен. Киберқауіпсіздік бойынша мамандар зиянды бағдарламаны Қытайдың Cloud Module бағдарламасында алғаш болып анықтаған. Вирусты өзіне сақтаушы пакет com.android.boxa деп аталады. Ол Android бағдарламасы және басқа да бағдарламалардың интернет-дүкендері арқылы таралуы мүмкін екендігі айтылып жатыр.