YouTube сайтының негізін қалаушы Чад Херли жаңа видехостинг жасап шығармақ.
Бұл туралы Техаста өткен интернет-форумда белгілі болды. Баяндама жасаған Херли жаңа жоба бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейтін адамдарға арналатындығын айтты.
Айта кетелік, Чад Херли YouTube порталының негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Автор кезінде компанияның атқарушы директоры болып қызмет етіп, орнын 2010 жылы босатты. Херли кейінірек қаржысын "Формула-1" мен киім-кешек дизайны саласына құйды.
YouTube сайты 2005 жылы ақпанның 15-інде Калифорния штатында ашылды. Alexa аналитикалық компаниясының статистика мәліметтері бойынша сол кезеңдерде сайт танымалдылығы жағынан MySpace әлеуметтік желісін басып озды.
2006 жылдың қараша айында YouTube қызметін Google компаниясы 1,6 миллиард долларға сатып алды. YouTube-ті сатып алуға дейін Google компаниясында осыған ұқсас бағыттағы қызметі – Google Video болған. Google өкілдері бұны жаппай, оны барлық бейнехостингтік сайттар бойынша бейнелерді іздеу орны ретінде қолданбақ. Қазіргі уақытта Google Video іздеуіне YouTube те кіреді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: gazeta.ru