YouTube видеохостингі 2005 жылы 15 ақпанда құрылды. Оны PayPal компаниясында жұмыс істеп, сол жерде танысқан үш кісі: Стивен Чен, Джавед Карим, Чад Хёрли құрған. Ол кездегі мақсаты компаниядан жинаған бонусының нәтижесін YouTube арқылы анықтау еді. Алғашқы бейнежазбаны Джавед Карим жүктеді. Ол Сан-Диего саябағында түсірілген, 18 секундтық әуесқойлық видео. Мұнда жай ғана пілдер туралы айтады. 2015 жылы америкалықтар арасында сұлулыққа қатысты видеороликтер 600 миллион сағат көрілген. Әдемілікті макияж арқылы қолдан жасауға әйелдер де, ерлер де тәуелді болды, бұл өзінен өзі мәдени құбылысқа айналды. YouTube қолданушыларының 80 пайызынан көбі америкалықтар емес, бірақ басшылары қай ел көп пайдаланатынын жариялауға асығар емес. Халықтың ұнамайды деген бағасын ең көп алған видеоролик Джастин Бибердің Baby бейнебаяны, ол 8 млн дислайк, 7 млн лайк жинаған. YouTube видеохостингінде іздеу, көру үдерістері 75 тілде жүзеге асады. Демек ол жер шарындағы халықтың 95 пайызына қолжетімді деген сөз. YouTube іздеу жүйесі бойынша Google-ден кейін екінші орында тұр. Ең көп көрілген видео кореялық әнші Psy орындауындағы Gangnam Style әніне түсірілген бейнебаян екенін көпшілігі білеті болар. Қазір оның көрілімі 3 025 934450-ден асты.