Доктор Веб компаниясы Google видеосервисінде қауіпті вирус таралғанын мәлімдейді. Вирустар құрылғыдағы жеке мәліметтерді, аккаунтыңыздағы ақпараттарды ұрлайды. Қауіпті бағдарлама Trojan.PWS.Stealer.23012 деп аталады. Теріс пиғылдылар зиянды вирусты YouTube-тегі бейнероликтер астына пікір ретінде қалдырып кетіп отыр. Киберқылмыскерлер аталған вирусты түрлі пайдалы бағдарлама ретінде, сілтемені басып өтуге кеңес береді. Trojan.PWS.Stealer.23012сілтемесін көрсеңіз, абай болғаныңыз жөн. Егер, сілтемені бассаңыз вирус компьютеріңізде өзінен-өзі ашылып кететін RARархивін жүктеп алады. Ескерте кетейік, вирус компьютерде Chrome, Яндекс,Браузер, Opera, Vivaldi, Kometa, Orbitum, Dragon, Amigo, Torch браузерлеріндегі Cookies файлдарын жинай бастайды.Браузеріңіздегі сақталған барлық логин, құпия сөздеріңізді, суреттеріңізді, негізгі беттегі барлық керекті құжаттарыңызды қылмыскерлер өз серверлеріне көшіріп алады.