YouTube бейнероликтердің рейтингін жаңаша бағалайтын болды

YouTube видеохостингі бейнероликтердің рейтингін бағалаудың жаңаша түрін енгізбек, яғни бұрынғы көрген адам санымен бағалау тәсілінен бас тартады, деп хабарлайды  Tech2

Осыған дейін видеолардың танымалдығы қолданушылардың көру санымен бағаланып келсе, ендігі жерде рейтинг қолданушылардың видеоларды көру ұзақтығымен есептеледі. Мысалы, қолданушы бір роликті үш минуттан аса көріп отырып, екінші бір роликті бірнеше ғана секунд көрген болса, онда сөзсіз бірінші роликтің рейтингі екіншіге қарағанда жоғары болмақ.

Осылайша YouTube сапасыз және арандату әрекеттеріне толы бейнероликтер танымалдығын төмендетпек ниетте.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 3dnews.ru