YouTube арқылы күнін көретін жігіт

YouTube арқылы кейбір ересек адамдардың өздері армандайтын қаржы тауып отырған жасөспірім жігіт кезекті мәрте бұл видеохостингтің геймерлер үшін үлкен табыс әкеле алатынын дәлелдеп берді.

17 жастағы Фред Пай бір жылдың ішінде GTA 5 (Grand Theft Auto V) ойнай отырып, түсірілген видеодағы жарнама есебінен 36 000 доллар табыс тапқан. Негізінен бұл ойын 18 жасқа толған ересектерге арналған. Десек те, Пайдың жүктеген екі видеосы осыған дейін 25 000 000 рет көріліп үлгерген. Жасөспірім өзі түсірген роликте геймерлерге ойынның түрлі кезеңдерінен қалай өтуге болатындығы жөнінде кеңестер беріп, өз үйіндегі жатын бөлмесінен шықпай-ақ айына 2000 фунт стерлинг (3300 АҚШ доллары) тауып отыр.

YouTube видеохостингінде пайда болғанына 2 жыл болған Пайдың арнасына қазірдің өзінде 138 000 қолданушы жазылған. Ал оның жүктеген видеосы айына 2,5 миллионнан кем көрілмейді.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: youtube.com