YouTube сайтына жазылу қызметі енді ақылы болуы мүмкін, деді Google компаниясының вице-президенті Роберт Кинцл. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.
Өкілдің айтуынша, хостингке жазылудың құны айына 1-5 долларды құрайтын болады.
«Арналарға ақылы жазылу сайттың мәтінін әзірлеушілерге қосымша кіріс әкеледі», - деді топ-менеджер журналистерге берген сұхбатында.
Әлбетте, жарияланбаған ролик үшін ақы сұрау сәтсіз қадам болуы да мүмкін. Сол себепті компания алдымен сынақ жұмыстарын өткізіп алуды жөн көріп отыр.
БАҚ-тарда тараған мәліметтерге қарап жобаның сәуір-маусым айларында іске қосылуы мүмкін екендігі туралы шешім шығаруға болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: mashable.com