Yamaha серіктестігі Токиода өткен «Мотор шоу» кезінде күтпеген жаңалық ұсынды. Адамның күшімен емес, өздігінен роботтың көмегімен жүретін моторобот ойлап шығарды. Нәтижесін де тәжірибеден өткізіп көрді.
Көрмеге келген жұртты таң қалдырған бұл моторобот барынша жабдықталған. Яғни 1000 кубтық R1M мотор күшімен қозғалатын көлік көрменің ең үздігі атанды.
Робот-гуманоид мотоциклді ең жоғары деңгейдегі құрастырылған техника тілімен басқарады. Аталған Motobot қарапайым жолда да жүруге ықшамдалған.
Дәл қазіргі кезде аталған өнім жайында толыққанды ақпарат жоқ. «Ол алдағы уақытты жарияланады»,– дейді компания.
Yamaha Motobot күрделі жүйелерді басқару үрдісі бойынша жұмыс жасап жатыр. Себебі оның қауіпсіз әрі дұрыс қимылдауы маңызды. Ешкімге зияны тимеуі басты назарда. Сонымен қатар компания болашақта бұл мотоциклді адам көмегінсіз, роботтың өзі басқару деңгейіне жеткізбек ойлары бар.
Соңғы 11 жыл ішінде автономды басқаруға бағытталған көліктердің даму қарқыны тездеп кетті. Бұл жақсы көрсеткіш болғанымен, техниканың жылдам дамуы адамдардың тікелей жұмыс істеуіне әсер етуі мүмкін.