Wi-Fi қазақстандық вокзалдарда 2012 жылдың күзінде пайда болады. Бұл туралы көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев өзінің Twitter-інде жазды.
"Wi-Fi III кварталдың соңына дейін Ақтөбе мен Қарағандыдағы темір жол вокзалдарында орнатылып болады", - деді министр. Жұмағалиев, сонымен қатар, 2012 жылдың аяғына дейін Қызылорда, Атырау, Орал, Шымкент, Тараз, Маңғышлақ, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Семей қалаларындағы вокзалдар да сымсыз интернетке қолы жететіндігін қоса айтты. Ал еліміздің басқа ірі қалалары мен аудан орталықтарындағы вокзалдарға кезек тек 2013 жылы келетіндігі де белглі болды.
Министрдің айтуынша, еліміздің 13 ірі автовокзалы қазіргі кезде сымсыз интернетке қосылып үлгерген. Елдегі 13 аэропорттың да бұл нығметке қолы жетті.
Естеріңізде болса, бұған дейін Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің еліміздің ірі темір жол вокзалдарында Wi-Fi орнатуға ниетеніп отырғандығын айтқан болатынбыз.
Айта кетелік стандартты вокзалдар мына талаптарға жауап беруі керек: билет кассасы, күту залы, санитарлық бөлме, анықтамалық бюро, медпункт, қауіпсіздік бөлімінің болуы. Ал жоғары категориядағы вокзалдарда Wi-Fi, видебақылау пункті, жүк сақтау бөлмесі, ақша айырбастау пункті, банкомат, почта, телеграфия пункті, ана мен бала бөлмесі, сервис центрдің болуы міндеттеледі.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: bigmir.net