- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- WhatsApp ақша аударымдарын...
WhatsApp ақша аударымдарын теcтілеуді бастады
WhatsApp мессенджерін әзірлеушілер P2P ақша аударымдарын тестілеуді бастады. Ол пайдаланушылардың шамамен 1%-ын қамтиды, – деп жазады The Next Web.
Басылымның хабарлауынша, аударма жүйесі Unified Payments Interface (UPI) интерфейсінде жасалған. Бұл банк шоттары арасында ақша аударымдарын тегін жүргізуге мүмкіндік береді.
Бастапқыда бұл қызмет тек пайдаланушылар арасында ғана жұмыс істейтін болады, бірақ кейіннен бизнесті кеңейте алады. Болашақта әзірлеушілер өндірушіге нақты табыс әкеле алатын толыққанды төлем жүйесін жасайды деген болжамдар бар.
Естеріңізге сала кетейік, неміс криптографтары арнайы шифрлаумен қорғалған WhatsApp-тағы топтық сөйлесуге кенеттен еніп кетудің жолдарды тапты. Хабарланғандай хакерлер багының көмегімен модератордың рұқсатынсыз-ақ сөйлесу үшін жаңа пайдаланушыларды қосуға мүмкіндік пайда болады. Нәтижесінде, сервер автоматты түрде жаңа қатысушының құпия кілттерін қамтамасыз етеді. Сондықтан ол хат алмасудағы хабарламаларға толық қатынас алады.
Ж. Жұмағұлов