Volvo жүк көлігінің ерекше жарнамалары (видео)

Жан-Клод Ван Дамм паралель жүк көлігінің ортасында өзінің әйгілі шпагатын көрсетті.

Жарнама басталған кезде екі жүк көлігінің айнасында тұрған голливудтық әртіс, біртіндеп екі машина алшақтай бастағанда өзінің әйгілі трюгін жасайды. Атақты әртіс бұл іс-әрекеті арқылы Volvo жүк көлігінің басқару құрылғысының сенімділігін, сапасының мықтылығын дәлелдемек болады. Жарнама түсірушілер де әртістің тамаша өнерін тиімді пайдалана алған.

Volvo компаниясы Жан-Клод Ван Даммның бұл жарнамаға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын. Жарнама «эпикалық шпагат» деп аталады. Бұл бейнеролик компания тарихындағы жүк көліктеріне жасалған бесінші ерекше жарнама болып отыр. Бұған дейін атжалманмен, бұқамен, эквилибристпен (цирк әртісі), Volvo Trucks компаниясының президенті Клаэс Нильсонмен түсірілген еді.

Сіздердің назарларыңызға ерекше 5 жарнаманы ұсынамыз:

Эпикалық шпагат

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/M7FIvfx5J10","width":"425","height":"350"});

Ілмек

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Jf_wKkV5dwQ#t","width":"425","height":"350"});

Қауіпті арқанмен жүру

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/1zXwOoeGzys#t","width":"425","height":"350"});

Тіпті атжалман да Volvoны басқара алады

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/7N87uxyDQT0","width":"425","height":"350"});

Бұқа мен Volvo

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/_BRoU1hw-CU","width":"425","height":"350"});

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: adme.ru