Volvo XC60 алты дөңгелекті болды

Volvo өз автокөліктерінің экстремалды нұсқасын жасап шыққан. Компания штаб-пәтерінде XC60 моделінің алты дөңгелекті нұсқасы суретке түсіріліпті.

Десек те, мұндай кроссоверды сатып аламын немесе көптеп данасы шығады деп үміттенудің қажеті шамалы. Бұл тек қызметтік көлік. Көлік камера алаңы ретінде ғана қолданылады екен. Қара түсті көліктің артқы жағында камера орнататын арнайы құрылғыларды көруге болады. Көліктің барлық мүмкіндіктері алынып, түсірілім жасауға арналған құрал-жабдыққа толы.

Болжам көрсек, компанияның керемет модельдерін жарнамалау роликтерін дәл осы көлік-кроссоверден түсіреді екен. Оның ең негізгі мүмкіндіктерінің бірі – камераға түсіріліп отырған видео тікелей эфирде мониторларға жүктеліп, көрсетіліп отырады. Мониторлар алдыңғы қатар орындықтар бас қойғышының артында орналасқан.

Компания өкілдерінің айтуы бойынша, үш осьтен тұратын Volvo XC60 бұрынғы V70 универсалының орнына жасалыпты. Модель бірнеше апта бұрын жасалған екен.

Ескерте кетейік, Mercedes-Benz пен AMG өз арсеналында 6 дөңгелекті моделін жасап қойған. «Гелендваген» венделазында жасалған құбыжық модельдерге немістер G 63 AMG 6x6 деген ат қойып, 20-30 данасын шығаратынын айтқан.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: msk.ru