Volkswagen нарыққа ең үнемді көлігін шығаратын болды

Volkswagen компаниясы әлемдегі ең экономды көлігін шығаруды бастап кетті. 

Екі орынды Volkswagen XL1 100 шақырымға бар-жоғы 0,9 литр жанармай шығындайды. Ол сондай-ақ сағатына 50 шақырымды алқымдайтын электрқозғалтқышпен де жабдықталған. Сондықтан да көлік экологиялық жағынан таза болып саналады.

Жаңа XL1 көлігінің салмағы да ауыр емес - 795 келі тартады. Жеңіл салмағының және бензинді қозғалтқышты 6,2 кВт/8,4 л.с қуатының арқасында сағатына 100 шақырымды оңай еңсере алады.   


Жаңа Volkswagen XL1 көлігінің ауаға шығаратын көмірқышқыл газының мөлшері 21 г/км-ден көп емес. Бұл осы класстағы көліктер үшін экологиялық жағынан жоғары көрсеткіш болып саналады. Одан бөлек, көлік 7 сатылы беріліс қорабымен жабдықталып, максималды жылдамдығы сағатына 160 шақырымды құрайды. Ал сағатына 100 шақырым жылдамдыққа ол 12,7 секундта жетеді. 


XL1 автокөлігінің ұзындығы - 3888 мм болса, ені - 1665 мм, ал биіктігі - 1153 мм. 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mail.ru